1. Мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайлары, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары:
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (101400, Қарағанды обласы, Теміртау қаласы 70 орам, 4А құрылыс, анықтама телефоны: 8(7213)91-64-66; электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.,, азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарлайды.
2. Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
1. Әдіскер – 1 бір.
2. Қазақ тілі мұғалімі – 1 бір.
3.
2.1. Әдіскер функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
Жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды.
Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды.
Тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді.
Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Қазақ тілі мұғалімі функционалдық міндеттері:
Оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады.
Қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген.
Жоспарлауға ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушы оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете алады.
Бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілікті арттырады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.
Музыка жетекшісінің функционалдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауап береді.
2.2. Еңбек жалақысының мөлшері
Буын, саты |
В зависимости от выслуги лет |
|
min |
max |
|
В3-1 |
127905 |
147106 |
В3-2 |
119234 |
139674 |
В3-3 |
118304 |
139364 |
В3-4 |
1090148 |
129763 |
В4-1 |
122331 |
139983 |
В4-2 |
115517 |
135957 |
В4-3 |
113659 |
132860 |
В4-4 |
102820 |
115517 |
Еңбек төлеу шарттары
Айлық жалақысының мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.
3. Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
Психология және педагогиканы, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының нормативтік-құқықтық құжаттарын.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
5. Қажетті құжаттар тізімі:
1) қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (egov);
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама (egov);
9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (egov);
10) жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме (бар болса);
11) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда).
6. Құжаттарды ұсыну орны, байланыс телефоны:
101400 Қарағанды облысы Теміртау қаласы Боуржан Момышұлы данғылы,22/2, Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, хатшының кабинеті; э/адрес: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Анықтама үшін телефон: 8(7213)91-64-66.