- Конкурс өткізетін ұйымның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген:
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Бауыржан Момышұлы данғылы,22/2, анықтама телефоны: 8(7213) 41-39-34; электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
- Инновация бойынша әдіскер - 0,5 бір.
- Педагог-психолог - 1 бір.
- Қазақ тілі мұғалімі- 0,5 бір.
- Музыка жетекшісі - 1 бір.
- 5. Музыка жетекшісі – 0,75 бір.
6. Дене шынықтыру нұсқаушысы - 1 бір. декреттік демалыс уақытына
7. Дене шынықтыру нұсқаушысы – 0,5 бір. декреттік демалыс уақытына
- Тәрбиеші - 1 бір. декреттік демалыс уақытына.
- Логопед-мұғалім -1 бір. декреттік демалыс уақытына.
- Дефектолог-мұғалім - 0,5 бір. декреттік демалыс уақытына
- Хореограф – 1 бір.
2.1. Инновация бойынша әдіскердің функционалдық міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу жоспарын, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
Жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды.
Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды.
Тәрбиешілер үшін сабақтар, шеберлік-сағаттар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа да мамандарының өзара қарым-қатынасын үйлестіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді.
Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
2.2. Педагог-психолог функционалдық міндеттері:
мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;
баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;
мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;
қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;
мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;
ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;
белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;
кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;
балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
2.3. Қазақ тілі мұғалімінің функционалдық міндеттері:
Оқытылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады.
Қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың түрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты қолданады, инновациялық технологияларды меңгерген.
Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілді жүзеге асырады, дамытушылық оқытуды орната отырып, сабақтарға арналған бағдарламалық материалды пысықтайды және түзете біледі.
Бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілігін арттырады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауапты.
2.4. Музыка жетекшісінің функционалдық міндеттері:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;
музыка сабақтарын, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;
балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;
педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;
балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;
ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі бойынша кеңес береді.
Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауапты.
2.5. Дене шынықтыру нұсқаушысы функционалдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;
дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;
денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;
ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;
арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;
оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.
2.6.Тәрбиешінің функционалдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі жаттығу, күні бойы тамақтану, балалардың іс-әрекетіне (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және де басқа), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
мектепке қабылдану кезінде теңдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір балаға жеке тәсілді қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;
отандық және шет елдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, енгізумен және тараумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
2.7. Логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалімнің функционалдық міндеттері:
жеке оқыту, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар) өткізеді;
өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
тәрбиелеу процесі барысында балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
2.8.Хореограф функционалдық міндеттері:
Сабақ өткізеді;
хореография негіздерін үйретеді;
би бағдарламаларын дайындайды, репертуар таңдайды;
топтық және жеке дайындық өткізеді;
ұйымның әдістемелік кабинетінің жұмысына, тақырыптық кештерді, сахналандырылған мерекелерді, карнавалдарды, халықтық мерекелерді дайындауға қатысады, өз ерекшелігі бойынша тәрбиешілерге көмек көрсетеді;
- Жалақысының мөлшері
Буын, саты |
Еңбек еткен жылына байланысты |
|
min |
max |
|
В3-1 |
127905 |
147106 |
В3-2 |
119234 |
139674 |
В3-3 |
118304 |
139364 |
В3-4 |
1090148 |
129763 |
В4-1 |
122331 |
139983 |
В4-2 |
115517 |
135957 |
В4-3 |
113659 |
132860 |
В4-4 |
102820 |
115517 |
Еңбекақы төлеу шарттары
Айлық жалақысының мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.
- Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогика және психология негіздерін, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының нормативтік-құқықтық құжаттарын.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (2023 жыл қыркүйектің 6-14 аралығында, демалыс күндерін есептемегенде (сенбі, жексенбі).
- Қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш, қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама (egov);
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама (egov);
9) соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (egov);
10) сертификаттаудан өті нәтижелері туралы сертифифкат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің толтырылған бағалау парағы;
12) Еңбек өтілі жоқ үміткерге арналған, кемінде 15 минуттық бейнепрезентация, минимальды рұқсат етілуі 720 x 480 ;
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды үміткерге қайтару үшін негіз бола алады.
Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі:
Бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде.
- Құжаттарды ұсыну орны, байланыс телефоны:
101400 Қарағанды облысы Теміртау қаласы Бауыржан Момышұлы данғылы 22/2, Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, хатшының кабинеті; э/мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Анықтама үшін телефон: 8(7213) 41-39-34.