Азаматтық қызметшілердің бос лауазымына
орналасуға конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
- Конкурс өткізетін ұйымның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электронды пошта мекенжайы көрсетілген:
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы Бауыржан Момышұлы данғылы,22/2, анықтама телефоны: 8(7213) 41-39-34; электрондық мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., азаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:
- Инновация әдискері – 1 бірлік
- Тәрбиеші - 3 бірлік (қазақ тілінде оқытатын топтарға 1 бірлік)
2.1. Инновация әдіскері функционалды міндеттері:
Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Оқу жоспарын, тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды.
Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады.
Жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды.
Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады.
Инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді.
Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады.
Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды.
Тәрбиешілер үшін сабақтар, шеберлік-сағаттар, семинарлар, жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады.
Оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді.
Тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа да мамандарының өзара қарым-қатынасын үйлестіреді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді.
Тәрбиешілер, олардың көмекшілері лауазымдарына кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу жөнінде ұсынымдар енгізеді.
Педагогтердің біліктілігін арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау), аттестаттау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
2.2. Тәрбиешінің функционалдық міндеттері:
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;
режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі жаттығу, күні бойы тамақтану, балалардың іс-әрекетіне (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және де басқа), серуендеу, күндізгі ұйқы, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;
балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;
дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;
қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;
мектепке қабылдану кезінде теңдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ортасына әлеуметтендіруді жүзеге асырады;
мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім беру қажеттілігі бар әрбір балаға жеке тәсілді қамтамасыз етеді;
мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар) қатысады;
отандық және шет елдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, енгізумен және тараумен айналысады;
мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.
- Жалақысының мөлшері
Буын, саты |
Еңбек еткен жылына байланысты |
|
min |
max |
|
В3-1 В3-2 В3-3 В3-4 В4-1 В4-2 В4-3 В4-4 |
117509 |
191482 |
Еңбекақы төлеу шарттары
Айлық жалақысының мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.
- Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптары:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, еңбек өтіліне талаптар қойылмайды.
Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді;
Педагогика және психология негіздерін, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидаларды, санитариялық қағидаларды.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі, конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласының білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әлеуметтік желілерінің ресми аккаунтында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс (27 мамырдан 04 маусымғадейін 2024 ж., демалыс күндерін есептемегенде (сенбі, жексенбі).
- Қажетті құжаттар тізімі:
1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
- 7. Құжаттарды ұсыну орны, байланыс телефоны:
101400 Қарағанды облысы Теміртау қаласы Бауыржан Момышұлы данғылы 22/2, Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Дельфинчик» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, хатшының кабинеті; э/мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..
Анықтама үшін телефон: 8(7213) 41-39-34.