Версия для слабовидящих
Обычная версия
МЕНЮ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН

ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ

         Балабақшада балаларға саналы тәрбие берудің жолдары көп.

Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы – ойын арқылы тәрбиелеу мен оқыту. Өйткені жеті жасқа дейін баланың өсіп дамуы үшін қимыл- қозғалыстар, жаттығулар,ойындар ауадай қажет.

       Балалардың қызығушылығын оятатын қызықты дидактикалық, ұлттық қозғалмалы ойындары іріктеп алу маңызды. Осындай балалардың тапсырмаларды игеруі қиындығына қарай, әр баланың мүмкіншілігін ескере отырып, үш топқа топтастыруға болады.

Жеңіл деңгейлік ойындар- балалардың қол мен саусақ моторикасының қызметін жетілдіруге арналады («Кілемді құрастыр», «Қуыршақты киіндір!» т.б.»Не жоқ»). Саусақ ойындарын ойнау барысында балалар санамақ,ролдік ойындарды ойнайды, айтып,қайталайды,жаттайды. Мұндай ойындар баланың есте сақтау қабілетін жақсартады.

Орта деңгейлік ойындар - балалардың ақыл-ойы мен сөйлеу тіліне, есте сақтауына арналады(«Менің отбасым», «Жемістерді себетке жина» , «Аудармашы» т.б.)Бұл ойындар баланың тілдік қорын молайтады.

Жоғары деңгейлік ойындар - ойын мазмұны күрделі ойындар мен қазақтың ұлттық ойындары(«Бес тас», «Итеріспек», «Орамал тастамақ»т.б.)Бұл ойындар қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттып, тіл үйренуге талпынысын арттырады.

       Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен ойынды ұйымдастыруда:

  • Эстетикалық жағынан дұрыс таңдалған әдемі, ашық түсті, қауіпсіз болуы қажет;
  • Баланың жас ерекшелігіне қарай ойынды дұрыс таңдай білу
  • Баланың қызығушылығын оята алсақ, әрбір істі ойынға айналдыру қажет;
  • Ойын баланы қызықтыратындай болуы қажет және ойын түрлерін өзгертіп отыру керек;
  • Ойын қызықты, әрі жеңіл болуы қажет.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУ

         Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі. Ойын – баланың, бүкіл балалар коллективінің дамуында басты роль атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған.

         Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс-әркетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

     «Ойын ойнап ән салмай, Өсер бала болар ма?!-деп ән салған балалар ойын ойнау арқылы баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады. Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ моторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз.


© 2024. КГКП «Ясли-сад «Дельфинчик» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области