Версия для слабовидящих
Обычная версия
МЕНЮ

Сабақтың тақырыбы: «Дені сау- ұлт»

Сабақтың мақсаты: Балаларға салауатты өмір салтының қажеттілігі туралы түсінік беру.

Білімділік: Балаларға     денсаулық мықты болу үшін не істеу керек екендігі     туралы түсіндіру. «Денсаулық - зор байлық» екенін ұғындыру.

Дамытушылық: «SMART- қазақ тілі »әдістемелік кешенін пайдалану арқылы сөз тіркесін, сөйлем құрау дағдыларын дамыту, қазақ тіліне тән әріптерді есту,көру,тыңдау.

Тәрбиелік: Денсаулықты күтуге тәрбиелеу.Тазалыққа, таза ,ұқыпты болуға баулу. Өз Отанының мақтанышы болуға үндеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар.

Көрнекі құралдар:интерактивті плакаттар,дидактикалық ойындар.

Ұйымдастыру кезеңі: балалар қаз-қатар болып, тізіліп мұғалімнің соңынан кіреді. Бәрі бірге:

«Бір,екі,үш,

бойға жинап күш,

Оң қол, сол қол,

Әрқашан бір бол».

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!
  • Көңіл-күйлерің қалай?
  • Онда келесі қазақ тілі сабағын бастайық. Келген   қонақтармен амандасып алайық.

Мейірімділік   шеңбері.

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Здравствуй,солнце золотое,

Здравствуй небо голубое,

Здравствуйте,мои друзья,

Это я,ваши друзья!

Good morning, good morning

Good morning to you!

Good morning, good morning,

I’m glad to see you!

Сұрақ-жауап:

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күз айларын атаңдаршы?
  • Енді ағылшын тілінде айтайық.
  • Өткен тақырыпты еске түсерейікші.

Дидактикалық ойын «Менің үйім», «My home»

Менің атам бар, менің әжем бар, менің әкем бар, менің анам бар,менің ағам бар,менің інім бар,менің әпкем бар,менің сіңілім бар.(Барлық туыстық атауларды сөйлеммен айтып шығу) .

  • Балалар, осы сөздерді ағылшын тілінде атайықшы.
  • Осы біздің отбасымыз аман, түгел, денсаулықтары   сау болсын деп тілеймін.Бүгінгі тақырып: «Денсаулық туралы» болады.

Жаңа сөздер:

Денсаулық-здоровье-health

дұрыс тамақтану –правильно питаться

таза ауада – на свежем воздухе

жаяу серуендеу – ходить пешком

спортпен шұғылдану - заниматься спортом

шынығу- тренироваться

суға түсу-плавать.

Интерактивті тақтадан жаңа тақырыпта байланысты суреттерді көру.

Ғажайып сөздер: «Менің денсаулығым жақсы. Мен спортты, таза ауаны жақсы көремін». (Бейне суреттер)

Үш топтқа бөлініп,4 бала жүгіріп,4 бала суға жүзеді,4 бала қимылдау.

Логопедиялық гимнастика: «» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.

Артикуляциялық жаттығу. «Қ»-әрпінің айтылуы, сөздерді тыңдау.

Қайшы,

Қайық,

Қаз,

Тақта,

Бақа,

Орындық

Қаз.

Көркем сөз: Балалар, денсаулық туралы мақал білеміз.Ал, кәне бәріміз бірге айтайықшы, «Денсаулық - зор байлық». (Бәрі бірге қайталайды)

Сергіту сәті: «Бақа, бақа, балпақ»

Психорелаксация: «Менің дене мүшем».

Мынау менің басым, мен басымды жақсы көремін.

Мынау менің қолым, мен қолымды жақсы көремін.

Мынау менің аяғым, мен аяғымды жақсы көремін.

Кері байланыс.

  • Бүгін біз денсаулық туралы қандай мақал айттық?
  • Қандай жаңа сөздермен таныстық?
  • Балалар, міне үлкен «Бәйтерек» ағашы. Біздің ата-әжелеріміз, ата-аналармыз үлкен ағаштың тамыры мен сабағы болса, балалар жапырақтар. Ал, міне жапырақтарды алып, бәйтерек ағашына өз жапырақтарыңды ілдіріңдер.

Видео презентация «Еліміздің мақтаныштары».

Балаларды медальдармен марапаттау.

  • Осымен біздің сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар, балалар!

Сабақтың тақырыбы: «Дәрумендер»

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық : Сөздерді дұрыс анық айтуға үйрету. Байланыстыра сөйлеуге машықтандыру, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Дәрумендердің ағзаға пайдасы мол. Дәрумендерді таза, жуып жеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті плакаттар, дидактикалық ойын .

Әдістер: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын.

Биллингвальді компонент: дәрумендер –витамины-vitamins, пайдалы-полезный. дәрумендер пайдалы, ағза-организм.

 

Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!, - Сәлеметсіз бе, мұғалім! Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық. –Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Здравствуйте гости. Good morning dear teachers.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Жиналған жылу шушақты,

Қонақтарға шашайық.

 

Сұрақ-жауап:

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Жыл мезгілі күз.
  • Күзде ауа-райы қандай болады?
  • Жаңбыр, жел, көкеністер мен жемістер піседі.

 

Дидактикалық ойын: «Дұрыс тап»

Ойынның шарты: көкеніс пен жемістерді дұрыс тауып, оларға сипаттама беру.

Алма, алмұрт-жеміс, сәбіз, қызылша – көкеніс.

 

Жаңа сабақ : балалар бүгін біз дәрумендермен танысамыз. Дәрумендер ет, сүт, көкеніс пен жемістерде болады. Дәрумендер ағзаға пайдалы.

 

Жаңа сөз:

Дәрумендер –витамины-vitamins

Пайдалы-полезный. Дәрумендер пайдалы.

Ағза-организм.

Жеймін-кушаю

Жемеймін-не кушаю

Дыбыстық жаттығу:

«Ә» Мягкий, при произнесении этого звука кончик языка прижимается к нижним зубам, язык продвигается вперёд, спинка языка приподнимается.

Дидактикалық ойын: «Мен жеймін, мен жемеймін».

Мен жеміс жеймін. Мен көкеніс жеймін.

  • Саша сен не жейсің?
  • Мен алма жеймін.
  • Катя сен не жейсің ?
  • Мен алмұрт жеймін.
  • Мен көкеніс жемеймін.

 

Сергіту сәті:

Алма, алма, көп алма,

Қызыл, жасыл, көк алма.

Теріп ,теріп алайық.

Қалтамызға салайық.

 

Тіл ұстарту.Көкөніс пен жемістердің адам ағзасына қаншалықты пайдалы екенің тыңдап көрейік.

Қияр:

Сопақша көк өнім бар,

Пайдалы мөлдір сөлім бар.

Пияз:

Боламын мен дәмдеуіш,

Барлық –барлық тағамға.

Көкеністер ішінен

Мен пайдалы адамға.

Алма:

Мен алмамын, алмамын.

Таңдай татар бал дәмім.

Өрік:

Тамылжыған өрікпін,

Бау-бақшаға көрікпін.

Кері байланыс:Бүгінгі сабақты пысықтау үшін дидактикалық ойын «Ғажайып себет» ойнауды ұсынамын.

Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Қандай жаңа сөздер білдік?

Балаларды марапаттау. Сабақ аяқталды,

  • Сау болыңдар!

   –     Сау болыңыз мұғалім.


© 2024. КГКП «Ясли-сад «Дельфинчик» отдела образования города Темиртау управления образования Карагандинской области